Алматыда кофені шағын партиялармен қуырамыз

Эфиопия, Колумбия және Бразилия дәні. Тапсырыс бойынша қуырып, сол күні жөнелтеміз.

Сұрыптар

Эфиопия Иргачеффе — ашық қуыру, жасмин мен лимон. Колумбия Уила — орташа қуыру, карамель мен қызыл алма. Бразилия Сантос — қою қуыру, шоколад пен жаңғақ.

Жеткізу

Алматы бойынша келесі күні, өңірлерге поштамен 2–4 күнде. Толығырақ — жеткізу бетінде.